БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ АВТОШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
19 наурызда "Жастарды қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық"мерекесіне орай "Сыр Ана" монументі мен "Тағзым Алаңы" аралығында Қызылорда белсенді жастарының автошеруі болып өтті.
Сонымен қатар «Тағзым» алаңында «Мәңгілік ел жастары – батыл қадаммен ерен еңбекке» тақырыбымен акция ұйымдастырылды. Акция барысында ұйымдастырылған «Бірлігіміз жарасқан» автошеруіне еліміздің және Қазақстан халқы Ассамблеясының туымен әрленген 30-ға жуық автокөліктер қатысты. Акцияға жастар бірлестігінің белсенділері мен студенттер қатысты.
- Жас буын өкілдері – еліміздің болашағы. Сондықтан бейбіт еліміздің болашағы үшін белсенді қызмет етуге дайын болуымыз керек, - деді жастарды қолдау орталығының директоры Жасұлан Алдабергенов. Жастар парламентінің жетекшісі Әділ Ибрагим жастарға үндеу оқыды.
Бұл күні қоғамдық көлікте қызылордалықтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі белгіленген күнтізбе мен брошюралар таратылды.
Шынар БЕКБАН