АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!
«Армысың, Әз-Наурыз!» тақырыппен Казалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы өз тәрбиеленушілеріне ертеңгілік ұйымдастырды.
Құрылғанына 20 жыл болған «Шапағат» МБСО бугінге дейін 500-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі медициналық-психологиялық және әдістемелік көмек көрсетті. Олардың денсаулықтарының оңалып, мұңданып емес, шаттанып жүрулеріне жан-жақты жағдай жасалған.
Бүгінде бұл мекемеде диагноздарына қарай 4 топта 50-ге жуық мүгедек бала тәрбиеленуде. Аталмыш оқыту, сауықтыру орталығы 2001 жылдан бастап аймақтағы жетекші мұнай өндіру компаниясы - «ПҚҚР» АҚ демеушілігімен өз жұмысын жандандырып келеді.
- Биыл біздің орталыққа 20 жыл толса, соның 15 жылында «ПҚҚР» компаниясының шарапатын көріп келеміз, - дейді «Шапағат» сауықтыру орталығының басшысы Шынар Жеңсікбаева. – 2001 жылдан бастап қызметкерлердің жалақысы, балалардың тамағы, коммуналдық шығындар, барлығы «ПҚҚР» АҚ атсалысуымен толықтай шешіліп отыр. Мұнайшыларға осы үшін де алғысымыз шексіз.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жергілікті «Жас Орда» жастар қоғамдық ұйымы орталыққа арнайы концерттік бағдарламамен келіп, қамкөңіл балаларға қуаныш сыйлады. Балғын өнерпаздар ән салып, түрлі замануи би билеп, мерекенің көрігін қыздыра түсті.
- «Шапағатта» атқарылып жатқан жұмыстарға, іс-шараларға біз де ұйтқы болып, көмек беріп тұрамыз. – дейді Қазалының «Жас Орда» ЖҚБ мүшесі Светлана Мыңжасарова.
Ертеңгілік барысында шараға қатысушылар ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымды сахналады. Халық әндерін шырқап, «Қара жорға» биімен көрермендердің көңілін сергітті.

«Ақ мол болсын!» - деп тілек айтып, ұйымдастырушылар ертеңгілікке келушілерге ағарған ұсынып, Наурыз көже таратты. Ал «ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хусаин Сарсембаев компания атынан Ұлық мерекеге орай «Шапағат» тәрбиеленушілеріне түрлі тәттілер мен ойыншықтар тарту етті.
- Сіздердің орталарыңызға келгендегі басты мақсатымыз – балаларға шаттық және игілік сыйлау, «ПетроҚазақстан» компаниясының атынан Наурыз мейрамымен құттықтау лебізімізді қабыл алыңыздар! – деді балалардың қуанышына ортақтасып, көңілдерін сергітуге келген «ПҚҚР» АҚ өкілі Хұсайын Сәрсембаев.
- Жыл бойы өткізілетін дәстүрлі қайырымдылық акциясына дән ризамыз. Осындай көмек-қолдаулар балаларымыздың сауығып кетуіне деген үмітімізді арттырады, – дейді ата-аналар.
- Айтулы мерекеге орай балаларымызға сыйлықтар ұсынып, қуантып, ән шырқап, би билеп, көңілдерін көтеріп жатыр, рахмет айтамыз, - дейді ата-ана Ақмарал Сапар. – Ұйымдастырушыларға ризашылығымыз шексіз.
- Арманы асқақ балаларымызға осындай думандатып, мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшн «Жас Орда» ЖҚБ-не, сый-сияпатымен, ойыншықтарымен балалардың жүзіне қуаныш ұялатқаны үшін «ПҚҚР» мұнай компаниясына мың да бір рахмет, - дейді ата-ана Мақсат Орынбасар.
Еліміз тәуелсіздік алып, егемен ел атанған тұста іргесі қаланған «Шапағат» оңалту орталығы - балаларды сауықтырумен қатар, оларға білім беріп, келешегіне сеніммен қарайтындай етіп тәрбиелеп келе жатқан іргелі шаңырақ. Қызметкерлерінің айтуынша, орталық алдағы уақытта да өз жұмысын ізденіспен жетілдіріп, көпшіліктің алғысына бөлене бермек.
«ПҚҚР» АҚ жұршылықпен байланыс жүргізу бөлімі