ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫС 87 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
16-18 наурыз аралығында облыс көлемінде республикалық «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты акциясы өтті. Бұл туралы Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
Осы күндер аралығында Қызылорда қаласының барлық жалпы білім беру орындарының оқушылары мен колледждердің кәмелетке толмаған студенттері Қызылорда ҚІІБ-ның жедел басқару орталығына, облыстық ІІД мұражайына, ЗК-169/1 арнайы мекемесіне, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына экскурсия жасады.
Оқушылар мен студенттер қала көлемінде орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысына, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың ашылуына мол септігін тигізетініне тәнті болды. Сонымен қатар облыстық полицияның тарихын айқындайтын мұражайға барған оқушылар ішкі істер органдарының әр жылдағы қызметі туралы жан-жақты хабардар болды.
Акцияның екі күнінде 7 колледж бен 50 мектептің оқушылары қатыстырылды. Барлығы 800-дей кәмелетке толмаған ұл-қыздар аталмыш акцияға қатысты.
Айта кету керек, Қызылорда қаласында жасөспірімдермен 2014 жылдың 2 айында 16 қылмыс тіркелсе, биыл 2015 жылдың 2 айында 2 қылмыс тіркеліп бұл санаттағы қылмыстар 87 пайызға төмендеген.