МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН КҮН
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті 35 сессиясы өтті. Сессия төрағасы депутат Абзал Тайманов күн тәртібін жариялағаннан кейін алғашқы қаралатын мәселе – «Облыстың мәдениет және өнер саласын дамытудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» баяндама жасауға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы мінберге көтерілді.
Баяндамашы атап өткеніндей, облыстың мәдениет және өнер саласын дамыту мақсатында «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР заңдарына және облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылған. Облыс бойынша барлығы 393 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетуде, мәдениет саласына 2014 жылы барлығы 5,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 30 пайызға немесе 1,6 млрд. теңгеге артық. Облыс әкімінің орынбасары салада атқарылған жұмыстарға шолу жасап өтті. 2012-2014 жылдары аймақта 14 клуб пен 2 мұражай пайдалануға берілген. Облыстың мәдени ошақтарын жақсарту бағытында «Жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес 2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 152,3 млн. теңгеге 5 нысан, облыстық бюджеттен бөлінген 622,7 млн. теңгеге Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы бойынша 16 мәдениет ошағы жалпы өткен үш жылда барлығы 31 клуб күрделі жөндеуден өткен.
Облыстың мәдени ошақтарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 2014 жылы – 429,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Соның ішінде клуб мекемелеріне 365,5 млн. теңге бөлініп, 7 ауданға жаңа заманауи техникамен жабдықталған «Зерде» мәдени-ақпараттық автокөліктер алынды. Сала бойынша қосымша штаттар қаралып, оның ішінде ауыл мәдениетін көтеру мақсатында 410, облыстық театр, филармония және музей мекемелеріне 123 штаттық бірліктер берілді.
2014 жылы барлығы 7686 (оның ішінде 1 халықаралық, 3 республикалық, 21 облыстық деңгейдегі байқау-фестиваль) ұйымдастырылды. Сыр елі мәдениеті тарихында тұңыш рет классикалық камералық оркестр, Н.Бекежанов атындағы драма театрында жастар труппасы құрылды және көркемсурет галереясы ашылып, жұмысын бастады. Өткен жылы облыс кітаханаларының кітап қорын толықтыру мақсатында облыстық бюджеттен 8,7 млн. теңге бөлініп, барлығы 9556 дана кітап алынған. 2014 жылы 2863 экспонат жинақталып, мұражайлар 263 музейлік құнылығы бар экспонаттармен толықтырылды. Облыс көлемінде 4 ескерткіш, 8 мүсін орнатылып, маңызды тарихи-мәдени обьектілердің 23-і реставрацияланды. 2013 жылы облыс әкімдігі жанынан Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес құрылып, оның төрт отырысы өткізілді. Оларда Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұраларының өзекті мәселелері қаралып, тиісті шаралар жүзеге асырылып келеді.
Р.Кенжеханұлы сала бойынша осындай ауқымды жұмыстар атқарылғанын айта келе, қазіргі таңда шешімін таппай отырған мәселелер де жеткілікті екенін жеткізді. Мәдениет ошақтарында, оның ішінде ауылдық клубтарда театрлық креслолар, музыкалық аппаратуралар, концерттік костюмдер, музыкалық аспаптар жетіспеуде. Ауыл кітапханаларында штат мәселесі шешілмеген, штатта қаралған кітапханашы әрі еден жуушы, әрі от жағушы міндеттерін қоса атқаруда. Театр, филармония, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар ақылы қызмет көрсетумен жеткіліксіз айналысуда және қала, аудан кітапханалары рұқсат етілгеніне қарамастан ақылы қызмет көрсету жұмыстарымен мүлдем айналыспайды.
Міне осы ақылы қызмет көрсетудегі кемшіліктер жайын жарыссөзге шыққан уақытша комиссия мүшелері депутаттар Абзал Тайманов, Қалқазбек Әжібеков, Қылышбай Бисенов және Сырдария аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Алмагүл Бақтиярова да айтып өтті. Мысалы, облыстық филармонияның жыл бойы ақылы қызметпен тапқан қаржысы бір жылғы жұмсалған шығынның 8 пайызын ғана жабады. Жарыссөзге шыққандар сонымен бірге мәдениет және өнер саласы үнемі «қалдық принципімен» қаржыландырылып келгенін, сонымен қатар соңғы он жыл көлемінде мәслихат сессияларында арнайы қаралмағанын тілге тиек етті. Тек соңғы екі жылда саланы қаржыландыру көлемі ұлғайып, жаңадан штаттық бірліктердің енгізілгенін ризашылықпен атап өтті. Осыдан кейін облыста мәдениет пен өнер саласын дамытуды жалғастыру туралы облыстық мәслихаттың шешімі қабылданды.
Мұнан соң сессияның күн тәртібіне сай «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсанындағы №236 шешіміне өзгерістер енгізу, сонымен қатар, «2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №165 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұл туралы хабарлама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова 2015 жылғы облыстық бюджет 137,3 млрд. теңге көлемінде бекітілуге ұсынылып отырғанын жеткізді. Аз-кем талқылаудан соң депутаттар бюджеттегі өзгерістерді қолдап дауыс берді.
Бұдан кейін сессияда күн тәртібіне сәйкес бірқатар қағидалар мен комиссиялар құрамын бекіту мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев сөз алып, соңғы екі сессия аралығындағы басты жаңалықтар жайлы айтып берді. Әсіресе, «Нұр Отан» партиясының XVI сьезінде Елбасы айтқан бес институттық реформа туралы арнайы түсіндірме беріп өтті. Осымен облыстық мәслихаттың кезекті 35 сессиясы жұмысын аяқтады.
Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ