ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ШАРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІНДЕ 630 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың наурыз айының 17-19 күндері аралығында «Наурыз» мемлекеттік мейрамын мерекелеу қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкені белгілі.
Аталған іс-шараға 1000-нан аса ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 20 қылмыстың беті ашылып, 630 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 7 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 122 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 69 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс асырып басқарған 84 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында қала мен елдімекен аумақтарын көріктендіру ережесін бұзу дерегі бойынша 66, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз үй-жайдан тыс жерлерде болу дерегі бойынша 49, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 76, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 59 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.
Қабылдау-тарату орнына 8 азамат орналастырылса, уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 13 азамат жеткізіліп, 4 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін ТМД елдерінің 37 азаматына шара көрілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі