«ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша облысымызда 20 млрд теңге қаржы бөлінсе, бүгінгі уақытта оның 12 млрд 700 млн теңгесі игеріліп отыр. Бұл туралы «Қызылорда су жүйесі» МКК бас инженері Қайрат Нұрбеков бүгін мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөніндегі дөңгелек үстелде мәлімдеді.
Дөңгелек үстелге «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысының міндетін атқарушы А.Қожантаева, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық-қоғамдық штаб бастығының орынбасары Сайлаубай Әбішев қатысты.
«Қызылорда су жүйесі» МКК 750 адам жұмыс істейді. Аталмыш мекеме Қызылорда қаласы орталығы «Сәулет», «Шұғыла», «Южный», «Сырдария», «Астана», «СПМК-70», Саяхат, Арай, КБИ, Мұнайшы, Жаңа ауыл, Қызылжарма, Рисмаш, ЦКЗ, Титов, Гагарин, Әл-Фараби, Тасбөгет және Ақмешіт, Мерей аумақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз суларды әкету, тазарту қызметтерін көрсетеді.
Кездесу барысында А.Қожантаева «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің ұжымы ҚР кезектен тыс Президент сайлауына қатысатынын мәлімдеп, барша қызылордалықтарды белсенділік танытып сайлауға қатысуға шақырды.
Шынар БЕКБАН