«ЭКСПРЕСС-АМ7» ЖЕРСЕРІГІ БАР «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРУ АЛДЫНДА ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТТІ
«Бриз-М» жүрдек блогы және «Экспресс-АМ7» телекоммуникациялық жерсерігі бар «Протон-М» зымыран тасығышы 19 наурызда Байқоңыр ғарыш алаңынан жоспарланған ұшыру алдында соңғы тексерістерден өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
«Экспресс-АМ7» жерсерігі бар «Протон-М»-ды ұшыруға дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, «Протон-М» зымыран тасығышының барлық жүйелерінің автономдық сынақтары, сондай-ақ «Бриз-М» жүрдек блогы және «Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратын басқару жүйелерін тексеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген «Ресейғарыштың» хабарламасында.
Жақында жүрдек блогы орнатылған зымыран ұшыру кешеніне шығарылып, содан кейін бірінші ұшыру күнінің кестесі бойынша жұмыстар атқарылған.
«Экспресс-АМ7» ғарыш аппараты «Ғарыш байланысы» жерсеріктік байланыстың ұлттық операторының тапсырысымен «EADS Astrium» компаниясымен жасалуда. Ол телерадио хабарларды тарату, мультимедияға кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету, мәліметтерді тарату, телефония, жылжымалы байланыс қызметтерін ұсынуға арналған. «Ресейғарышта» «Экспресс-АМ7» ресейлік байланыс жерсерігі бар «Протон-М» зымыранын ұшыру 19 наурыз күні сағат 01:05-ке белгіленгенін еске салды.