Н.НАЗАРБАЕВ БЕЙБІТШІЛІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУҒА БЕРДІ
Елбасы «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті қорлардың әрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражаты екенін айтты.
«Бұл қаражат, әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады. Біз наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл мерекенің мәні – бір-бірімізге, әсіресе балаларға көмектесу», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының ауыр науқасқа ұшыраған балаларға көмек көрсету тәрізді маңызды әлеуметтік бағыттағы жұмыспен айналысатынын, бұл істе оған бүкіл қоғамның қолдауы қажет екенін айтты.
«Сіздердің бұл істі қолға алуларыңыз мейірім үлгісін көрсетеді, балаларды құтқаруға қаражатын бөле алатын азаматтарымыздың назарын аударады. Бұған қоса біз аурулардың пайда болу себептерін іздеумен де айналысып, олардың алдын алуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту ел болашағы үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті.
«Бұл мәселе тез шешіле қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұмыс жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан бастау қажет. Тілдің дамуына жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тартып, өзекті шығармаларды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету маңызды», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қоғамдық бірлестіктер жұмысының әлеуметтік тұрақтылық үшін айрықша маңызы бар екенін, ол мемлекеттің басымдығы бар бағыттарына сай келетінін атап өтті.
«Қоғамның әл-ауқаты неғұрлым жоғары болған сайын, ол мұқтаждарға, соның ішінде науқас балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге соғұрлым көбірек көмектесетін болады. Қазақстанның балалары ата-анасы бола тұрып, балалар үйінде тәрбиеленбейтіндей, ал балалары бар ата-аналар қарттар үйіне түспейтіндей жағдай жасау маңызды. Осының барлығы үшін қоғам мен мемлекет бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сіздер сияқты энтузиаст жандар елдің табысты дамуы мен оның болашағы үшін өте қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы А.Саин мен А.Шәуеевке атқарып отырған қызметтері үшін алғыс білдіріп, оларға табыс тіледі.
А.Саин мемлекеттің қайырымдылықпен айналысатын ұйымдарын қаржыландыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына көмек көрсетіп отырғаны үшін Елбасына алғыс айтты.
«Сіздің өз сыйақыңызды қайырымдылыққа және қазақ тілін дамытуға жұмсауды ұйғаруыңыз біз үшін күтпеген әрі зор маңызы бар шешім болды. Бүгін Сіздің көрсеткен өнегеңізді азаматтар мен ұйымдар жалғастырады деп үміттенемін. Бұл осы күнге дейін жеке тұлға тарапынан жасалған ең ірі қайырымдылық шара екені даусыз», – деп атап өтті «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры.
А.Саин балаларда кездесетін туабітті жүрек аурулары жөнінде бұрындары қорға жиі өтініш жасалғанын айтты.
«Қазақстанда ол кездері жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын клиникалар болған жоқ. Сіздің бес жыл бұрын берген тапсырмаңыздың нәтижесінде еліміздің түрлі өңірлерінде бүгінде бірнеше клиника осындай ота жасайды. Нәтижесінде, біздің қорға мұндай диагнозбен қазір ешкім келмейді, бұл мәселе ел ішінде жүйелі шешімін тапты. Сондай-ақ бес жыл бұрын Қазақстанда балалар мекемесінде 16 мыңға жуық бала тәрбиеленетін. Бүгінде олардың саны 9,8 мыңға дейін азайды. Бұл – Сіздің заңнамаға өзгерістер енгізу және басқа да шаралар қабылдау жөніндегі бастамаңыздың нәтижесі», – деді «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры.
Мемлекет басшысына А. Шәуеев өз басқаратын қордың қызметі туралы баяндай отырып, қазақ тілін дамытудағы мемлекеттік қолдаудың айрықша мәнін атап өтті. Ол Қазақстан Президентінің көреген саясатының арқасында елімізде мемлекеттік тілді қолдану мен нығайту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
«Біздің қор қазіргі заманғы мүмкіндіктерді, соның ішінде Интернетті пайдалана отырып, халыққа мемлекеттік тілді тегін үйретумен айналысады. Бұл ел азаматтарына ғана емес, шетелде тұратын отандастарымызға да қатысты. Біздің www.soyle.kz порталымызды бір жылда шамамен 300 мың адам пайдаланды. Осы ресурс арқылы күн сайын тіл үйренушілердің саны 20 мыңнан асады. Балаларға арналған жеке веб-ресурс жасалды. Оны жұмыс істей бастаған үш ай ішінде күн сайын 5-6 мың өскелең ұрпақ өкілі кіріп көреді. Біз күн сайын балабақша және балалар үйлерімен, мектептермен, жоғары оқу орындарымен тікелей жұмыс істейміз», – деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры.
А.Шәуеев бөлінген қаражат өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуін қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға арналатынын атап өтті.
«Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры – Қазақстанда емделмейтін, ауыр науқас балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Балаларға өмір сыйла», «Жетімдерсіз Қазақстан» және «Аутизмді жеңеміз!» қайырымдылық шараларының бастамашысы және ұйымдастырушысы.
Мемлекеттік тілді дамыту қоры Елбасының бастамасымен 2008 жылдың қыркүйегінде құрылған. Қазақ тілін республика аумағында және одан тысқары жерлерде ілгерілетуге бағытталған қоғамдық бастамаларды ынталандыру, соның ішінде жобаларға демеушілік жасау арқылы қолдау қордың негізгі міндетіне жатады.