ГЕРМАНИЯҒА ТЕГІН ТӘЖІРИБЕЛІК САПАРҒА БАРУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ
Қазалы ауданының кәсіпкері «САН-жар.kz» ЖШС-нің директоры Алмас Әділбаев, үш жақты кепілдендіру келісім-шартына қол қойып, «Іскерлік байланыстар» жобасының қатысушысы атанды және ағымдағы жылдың сәуір айында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Германияға тегін тәжірибелік сапарға баруға мүмкіндік алды.
2014 жылы кәсіпкер Қазалы аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығына келіп, мемлекеттік көмек аясында несие алу жолдары жөнінде кеңес алды. Осыған дейін бастауыш кәсіпкер Әйтеке би кентінде өз қаражаты есебінен ойын-сауық паркін ашты. Ендігі жерде несие қаражатына бизнесін кеңейтіп, Қазалы ауданында таза ауыз су шығару өндірісі мен оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Даму Қорының кеңесшілері Алмас Әділбаевқа бастауыш кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен несие рәсімдеуге болатын арнайы бағдарламаға қатысуға кеңес берді және аталған бағдарлама аясында кәсіпкер жылжымайтын мүлікті кепілдікке қоймай, өз жобасының 30%-на тең қаржыны жинақтап, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп жұмыс жасайтын екінші деңгейлі банктерде несие рәсімдеуіне болады. Осындай банктер қатарында «Сбербанк» ДБ АҚ шағын және орта бизнесті несиелендіру бағытында «Сбербанк Start up» бағдарламасын қабылдап, бастауыш кәсіпкерлердің жобасын жүзеге асуына қолдау көрсету бағытында жұмыс жасап келеді. Аталған жобаның тиімділігі кәсіпкер 30 % старттық қаражат жинақтап, Даму қорының 70% кепілдендіруімен 20 млн.теңгеге дейін несие алуына болады. Осы мүмкіндіктерді ескерген «САН-жар.kz» ЖШС директоры Алмас Әділбаев аталған банктің клиенті атанды. Кәсіпкердің Әйтеке би кентінде оқу орталығын ашу жобасын жан-жақты зерттеген Даму қоры жобаның жүзеге асуына қажетті «Сбербанк» ДБ АҚ рәсімдеген несиені алу үшін кәсіпкер бизнес-жобасын 70%-ға дейін кепілдендіруді қолдады. Алмас Әділбаевтің сөзінше, бүгінгі таңда оқу орталықтары халық арасында аса танымал қолданыста болып отыр, себебі күннен күнге балалардың мектеп бағдарламасын өздігінен игеруі қиындап келеді және ата-аналардың алдында баларалын ҰБТ дайындау мәселесі де туады. Осының бәрін ескерген кәсіпкер ауданның ең білімді ұстаздары тартылатын репетиторлық оқу орталығын ашуды қолға алды. Жоба аясында 24 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «САН-жар.kz» ЖШС-не Даму Қоры тарапынан жобаны 70% кепілдендірумен қатар, несиенің 7% мемлекет тарапынан субсидияланатын болады.
Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілерінің бағыттауы нәтижесінде Алмас Әділбаев кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға бағытталған қаржылай емес қолдау жобаларына да қатысты. Ол «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Кеңесші-2» және «Іскерлік байланыстар» жобалары аясында тегін оқудан өтті. Өткен жазда кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезең қатысушы ретінде «КИМЭП» университеті базасында оқудан өтті. Семинар соңында Алмас өз бизнесінің дамуы жөніндегі бизнес –жоспарын сәтті қорғап шығып, оқуды бітіргені жөнінде сертификатқа ие болды, сонымен қатар жобаның екінші этапы аясында Германияға баруға өтініш берді. Конкурстық іріктеу нәтижесінде, Алмас Әділбаев Қызылорда облысынан сәуір айында Германияға баратын екінші кәсіпкер атанды.
Кәсіпкердің сөзінше, өз мақсатыңа жету үшін аянбай еңбек ету қажет. – Маған алғашында 2 апталық «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға кеңес бергенде бизнестің қызатын мезгілінде біршама уақытта тоқтатанымды білсемде, бірден қатысуға келісім бердім. Осы екі апта маған тез өте шыққандай болды, оқу бағдарламасы өзіме сондай ұнады және қажетті ақпаратпен қатар, еліміздің басқа да өңірінен келген кәсіпкерлермен байланыс орнаттым. Бүгінде мен тағы да уақытымның босқа өтпегеніне көзім жетті, себебі екі аптадан соң Германияға жол тартамын. Осының бәрі мемлекет қолдауы арқасында және Даму қорының кәсіпкерлік әлеуетті арттыру бағытында тиімді жұмыс жасауында, -дейді Алмас.
Ескере кетсек, «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші этапы бойынша Германияға бару сапарындағы барлық шығындар мемлекет есебінен төленетін болады. Кәсіпкер төрт апталық сапарда Германиялық кәсіпорындарды аралап, өздеріне қажетті мына мүмкіндіктерге ие болады:
• технологияны трансфертеу және құрал-жабдық сатып алу;
• өзара өнім, тауар, қызмет алмасу;
• франшиза мен лицензия алу;
• Мамандар мен эксперттер жалдау.