ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙСЕ, СОЛТҮСТІКТЕ ТҰМАН ТҮСІП, БҰРҚАСЫН БОЛАДЫ
Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде 18 наурызда фронтальды ауа ағынының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашындатып, жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20м/с жылдамдықпен жел соғуы күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жел тұрып, жылдамдығы 15-20м/с. жетеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, бұрқасындатып, 20м/с. жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болады, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20м/с.-қа жетеді. Павлодар облысында ұйтқи соққан желдің екпіні 17-20м/с-қа жетеді, түнде және күндіз бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, 15-20м/с. жылдамдықпен жел тұрады, бұрқасын, түнде және таңертең тұман. Ал Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсуі күтілуде.