ЖАСТАР ДОСТЫҚТЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ
«Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы және белсенді жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен «Қорқыт Ата» мемориалында «Сыр Елі-достық мекені!» атты флэшмоб өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының жастар және жастар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс жасау бөлімі хабарлады.
Флэшмобқа белсенді жастар ұйымдарының жетекшілері, ерікті жастар, жастар комитеттері мен жастар парламентінің депутаттары қатысты.
Іс-шара барысында «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сабанбаев Сыр жастарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесімен құттықтап, елдің болашағы үшін ынтымақ пен бірліктің алар орны ерекше екендігін айта келіп, тәуелсіздіктің қадірін жас қазақстандықтардың бойына ерте жастан дарыту керек екендігін жеткізді. Шара соңында жастар орталық алаңда флэшмоб билеп, патриоттық әндер шырқады.