ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынсыз, тек республиканың батысында, солтүстігі мен солтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жауын жауады, шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Атырау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады, 15-20 м/с жел соғады», - деп мәлімдейді синоптиктер.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады деп болжанған. Атырау облысында кей жерлерде қатты ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, солтүстік-батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.