ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ АУДАНДЫҚ ШТАБТЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЕРЕЖЕСІН БЕКІТТІ
Ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы аудан әкімі өкімімен дағдарысқа қарсы аудандық штаб құрылып, құрамы және ережесі бекітілді. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткенде брифингте аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов мәлімдеді.
Бүгінгі күнге нақты жұмыс жасап тұрған 159 мекеме бар. Оның ішінде жұмыс берушілер бірлестіктері арасында қызметкерлерін жұмыстан босатпау жөнінде 137 мекемелер мен кәсіпорындармен меморандумға қол қойылды.
Соңғы жылдары Қармақшы ауданында қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтады. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жыл көлемінде 11 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, өткен жылы аудан бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құрап, 0,6 пайызға төмендеді.
Сонымен қатар, өткен жылы 45 мүмкіндігі шектеулі жандар тұрақты жұмысқа орналасқан. 2 мүмкіндігі шектеулі жан «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесіне, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 47 кемтар жандар қоғамдық жұмысқа жіберілген.
- Ауыл тұрғындары арасында көбісі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» секілді мемлекеттік бағдарламаларды қолданушылар. Тек екі айдың ішінде аталмыш бағдарламалар бойынша 24 кәсіпкер 89 млн тенге көлемінде несие алды, - деді Ә.Қошалақов.
Шынар БЕКБАН