БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
Бүгін ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау жолында, Ассамбляның 20 жылдығына орай, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» тақырыбында, әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Кездесуге қала орталығында орналасқан оқу орындарындағы әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студент жастармен аймағымыздың түрлі еңбек саласында, қоғамдық өмірдің жақсаруына белсенді қатысып, үлесін қосып жүрген әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған азаматтар қатысты.
Шара барысында халықтар Ассамблясының маңыздылығы жөнінде дәйекті ақпарлар айтылды. Алдыңғы буын өкілдері жастарға тәлім-тәрбиеге толы өнегелі сөздерін айтып, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруге шақырып, Ассамбляеяның 20 жылдығымен құттықтады.