«БӘРІҢ ДЕ ЖАРЫСҚА!» ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ЖАРЫС ӨТТІ
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 13 наурыз күні «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы облыстық дәстүрлі жарыс өткізілді.
Осымен жиырма бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан 10 команда қатысып, 5 эстафеталық сайыс бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Үш кезең бойынша жарысқа 8000-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында Қызылорда қаласының №23 мектеп-лицейі көш бастады. Өткен жылы да аталмыш мектептің командасы бірінші орынды иеленген болатын. Былтырғы жылы бесінші орыннан көрінген Арал ауданының №260 орта мектебі – 3 сатыға көтеріліп, күміс жүлдені иеленді. Қызылорда қаласының №198 орта мектебі - үшінші орынды жеңіп алды. Төртінші орынды Қармақшы ауданының №250 орта мектебі еншіледі.