ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1300-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ
Қызылорда облысында биыл 9,5 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, осы жылдың алғашқы екі айы ішінде 1300-ден астам жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды BNews.kz.
«Егер нақтырақ айтсақ, 1 наурыздағы мәлімет бойынша аймақта 1380 жаңа жұмыс орны құрылған, соның ішінде тұрақты жұмыс орны – 1283. Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 6295 адам жүгінген, олардың ішінде 1824 адам немесе жалпы жүгінгендердің 28,9%-ы жұмысқа орналасты. Соның ішінде 54 мүгедек те бар», - дейді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жанар Дәулетбаева.
Қызылордалықтар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысады.
«Жыл басынан бері 365 адам «ЖЖК-2020» бағдарламасының қатысушысы атанып, әлеуметтік келісімшартқа қол қойған, олардың ішінде жұмыссыздар – 68,2%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 31,8%, жастар 190 адам», - деп нақтылады Дәулетбаева.