ҮЗДІК ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде аймақтық «Қызылорда облысының үздік өрт сөндіру бөлімі» конкурсы болып өтті.
Бұл конкурс авариялық - құтқару жұмыстары кезінде өрт сөндіру бөлімшелердің дайындығын арттыру және өрт сөндірудің жаңа технологияларын қолдануда жұмысты жеделдету мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді.
Жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Олар әрбір өрт сөндіру бөлімдерінің бірнеше белгілері бойынша – бөлім ғимараттарының сыртқы жағдайына, бөлім ауласына, техникалық жабдықтарына, сонымен қатар, жеке құрамның кәсіби дайындықтары мен жедел қызметтік көрсеткіштеріне баға берді.
Конкурсқа аймақ бойынша 13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар дене жаттығуы (сығылған ауада аппаратты жауынгерлік тексеру, кедергілермен 100 метрге жүгіру, шабуыл сатысымен 4 қабаттағы оқу – жаттығу бағанына шығу) және теориялық дайындықтары бойынша сынақтар тапсырды.
Конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеңімпаз деп танылды. Бөлім толығымен жеке құраммен және жаңа технологиямен жабдықталған.
Өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік кезекшіліктегі барлық жағдайы жасалған.
Мұнда жұмыс жасауға ыңғайлы жеке құрамды дайындау сыныптары, ГТҚҚ жаттығу үшін жылутүтінкамералары, жүз метрлік оқу – жаттығу бағандары, спорт алаңы, мұражай, өрт сынақ лабораториялық кабинеті, дәрігердің қабылдау кабинеті, тамақ қабылдау бөлмесі, техникалар үшін жылы гараждар жасақталған.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алдында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің құрметіне ескерткіш орнатылған.
Балабақшада тәрбиеленушілер, оқушылар мен студенттер бұл өрт сөндіру бөліміне жиі келіп тұрады. Олар мұнда нағыз өрт сөндірушілермен танысып, саяхат жасап, үлкен ризашылықтарын білдіріп жатады.
Енді Қызылорда облыстық байқау – конкурсында «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ҚР ІІМ ТЖК қатысып, өздерін таныстыру үшін мүмкіндік алды.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы