Ө.ШӨКЕЕВ ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ҰЖЫМЫНА ЖАҢА БАСШЫНЫ ТАНЫСТЫРДЫ
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ұжымына жаңа басшыны, бұрын Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып қызмет атқарған Нұрлан Қаппаровты таныстырды.
Жиналғандар алдында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Қаппаровтың кәсіби тұлғасы туралы айтып берді. Өмірзақ Шөкеев жаңа басшының энергетика саласында мол тәжірибесі бар екенін, кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болғанын атап көрсетті.
– Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағалығына Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровты тағайындауды ұсынды. Оның кандидатурасын компанияның Директорлар кеңесі де мақұлдады. Ол Қазатомөнеркәсіптің табысты жұмысын лайықты жалғастырып, компанияның қарқынды инновациялық өсуіне ықпал жасай біледі деген үміттемін, - деді Қор басшысы.
Компаниядағы кадрлық ауыс-түйістер 2014 жылғы 6 тамыз күні мемлекетік басқару жүйесіне жүргізілген реформалаудың ізінше болып отыр. Жаңартылған Үкіметте Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы Владимир Школьник басқаратын жаңа Энергетика министрлігіне маңызды рөл бөлінген.
Ө.Шөкеев сондай-ақ, келешекте Қазатомөнеркәсіп компаниясы да, «Самұрық-Қазына» Қоры да Энергетика министрлігімен берік байланыста жұмыс істейтініне сенім білдірді.