АСТАНАДА ӨТЕТІН ЖЕҢІСТІҢ 70-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ ПАРАДҚА «КАТЮША» ҚАТЫСАДЫ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерейтойына арналған әскери парад мағыналық құрылымына қарай тарихи және заманауи екі бөлімнен тұрады. Осынау парадқа қатысу үшін соғыс уақытында пайдаланылған 40-қа жуық қару-жарақ, әскери және авиациялық техникалар жөндеуден өткізілуде, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шараның тарихи бөлімінде Ұлы Отан соғысы жылдары қолданылған техниканың 36 түрі іске қосылады. Олардың ішінде, 27 әскери техника мен қару-жарақ (Т-34 танкі, ЗИС-2 зеңбірегі және М-30 гаубицалы ЗиЛ-157, танымал БМ-13 РС-30 «Катюшасы» және «Максим» зеңбірегі), сондай-ақ, 9 ұшу құралдары (АН-2 және ТL-2000) бар. Парадқа қатысатын техникаларды тиісті қалыпқа келтіру барлық үлгідегі техникалар «Семей инжиниринг» зауытында жөндеуден өтуде.
Әскери парадтың тарихи бөлімінде механикаландырылған саптан өзге жаяу парадты әскердің қатысуы жоспарланған. 300-ден астам қазақстандық әскери қызметішлер Қызыл армия нысанындағы киім үлгілерін, оның ішінде жадағай-шатырлары мен қаруларын асынып өтеді.
«Алдағы парад – еліміздің Қарулы Күштері тарихындағы елеулі оқиға болмақ. Бұл қазақстандық әскери күштердің барлық түрі қатысатын және ауқымы жағынан бұған дейін ұйымдастырылған әскери парадтан асып түсетін ерекше мерейтойлық шара болмақ», - деп мәлімдеді қорғаныс ведомствосынан.