«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
2015 жылдың 14 наурызында облыстық ассамблея хатшылығы мен Қоғамдық келісім орталығы Қызылорда қаласының №198 орта мектебінде және И.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту, сондай-ақ, қоғамның назарын жүрек жылуын күтетін жандарға аудару.
Акция барысында аз қамтылған отбасылардың үздік оқитын балаларына «Best servis ЛТД» фирмасы планшеттер, «Даму» автобизнес орталығы сыртқы киімдер тарту етсе, «Сырдария нефтьсервис» ЖШС бір отбасы балаларына қаржылай көмек көрсетті.
Қоғамдық келісім орталығының директоры Р.Ахметова облыстық ассамблея хатшылығы мен Орталық атынан бүгінгі шараға демеушілік жасаған «Bestservis ЛТД» фирмасына, «Даму» автобизнес орталығына және «Сырдария нефтьсервис» ЖШС-на алғыс білдірді.