ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚАРЛЫ БОРАН СОҒЫП, ТҰМАН ТҮСЕДІ
16 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағыны бөлімдерінің көшуіне байланысты күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын шашынды болса, бірқатар өңірде қарлы боран соғып, тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромед» РМК.
Қостанай, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, қарлы боран соғады. Көктайғақ, тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Бұрқасындатады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде тұман түседі. Атырау облысында, тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.