ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР АУЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13 наурыз күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы алдымен "Жан Арай Жем" серіктестігіне қарасты агроөнеркәсіп кешеніндегі құрама жем өндіру және күріш ақтау зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Серіктестік директоры М.Айменовтің айтуынша, құрылысы аяқталған екі зауыт та биыл бірінші жартыжылдықта іске қосылады. Құрама жем зауыты тәулігіне 80 тонна өнім өндірмек. Ал күріш ақтау зауыты 150 тонна күріш салысын өңдей алады. Зауыттың құрал-жабдықтарын монтаждау жұмыстары толық бітіп тұр. Іске қосылған уақытта 40 адам тұрақты жұмыс жасайтын болады.
Сондай-ақ, облыс басшысы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін Шанхай мөлтек ауданындағы С. Торайғыров көшесінің жағдайымен танысты. Енді шет аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында биыл С. Торайғыров көшесіне ұзындығы 4,8 шақырымды құрайтын Қорқыт Атадан Хон Бен До көшесіне дейінгі аралықты қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Ол үшін 1 млрд. 142 млн. теңге қаралған. Жобаға сәйкес 2 жолақты жалпы ені 9 метрді құрайтын жаңа жол төселеді. Және жаяу жүргіншілер жолы мен 24 аялдама салынбақшы.
Дәл осындай жол жөндеу жұмыстары О. Сүлейменов көшесінде де жүргізілмек. Яғни Шымбай көшесінен Айтбаев көшесіне дейін, жалпы ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын жол қайта жаңғыртылады. Бұл жер жөнделетін болса, темір жол вокзалы аумағындағы көлік кептелісі азайып қоғамдық көліктердің еркін жүруіне мүмкіндік болады. Бұл жұмыстарға 219 млн. 365 мың теңге қаралуда.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Қ.Көшербаев облыс орталығында салынып жатқан балалар ауылының құрылысымен танысты. Балалар ауылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге қорған болмақ. Онда 8 екі қабатты және 1 әкімшілік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты 1 мамырға дейін толық аяқтап, тапсырамыз деп жоспарлауда. Нысан іске қосылған кезде қаладағы балалар үйінің 60-қа жуық тәрбиеленушісі сонда көшірілмек.
Қызылордадағы балалар ауылы 2 гектар аумақты алып жатыр. Коттедждер қалашығы іспеттес бұл ғимараттарда 3 пен 18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер тәрбиеленетін болады. Жобаның жалпы құны 524 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы мердігер мекемеге ғимаратты сапалы және уақытылы салуды тапсырды.