МҰНАЙШЫЛАР ПАРТИЯ ҰСЫНЫСЫН ҚОЛДАЙДЫ
«ҚазГермұнай» ЖШС еңбек ұжымы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде делегаттардың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенттігіне үміткерлікке ұсыну туралы қабылдаған шешімін толығымен қолдайды.
Біздің кәсіпорын мұнай өндіру саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс атқарып келеді. Біз үшін «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының бас жүлдесін алуымыз үлкен абырой болды. Біздің үлкен жетістіктеріміз – елімізде жүргізіліп отырған сарабдал және көреген саясаттың нәтижесі.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан 24 жыл бұрын ойға да келмеген үлкен белестерді бағындырды. Біздің қызметкерлеріміз ертеңгі күнге сенімді, себебі жұмыспен, әлеуметтік жеңілдіктермен қамтылған және барлық өңірлер өсіп, табысты дамуда. 2014 жылы әлемде темір рудасы мен мұнай бағасы әлемдік төмендеуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы тұрақты, өндіріс өнімдерінің өсуі байқалуда. Бұл индустриалды даму және жаңа экономикалық саясат бағдарламасын іске асырудың нәтижелері.
Біз, мұнайшылар, еліміздің әлі де ерен табыстарға қол жеткізеріне сенімдіміз. Өйткені, бағытымыз айқын, бірлігіміз бекем. Елдегі осы толайым табысты Елбасының есімімен тығыз байланыстырамыз. Қазақстанның қуатын одан әрі де арттыру жолында аянбай еңбек ете береміз.
«ҚазГермұнай» ЖШС
еңбек ұжымы