ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОБЛЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҮНДЕУІ
Біздер, Қызылорда облысының ардагерлері, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттығын ұсыну жөніндегі шешімін қолдау мақсатында өзіміздің ортақ пікірімізді білдіруді патриоттық әрі азаматтық парызымыз деп білеміз.
Ұлт Көшбасшысының жетекшілігімен әлемге қарыштап дамушы, табысты ел ретінде танылған егемен елімізді қалыптастыруда біздер ауыр жолды бірге бастан өткердік. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында көпэтносты қоғамымызда татулық пен келісім орын алған. Қазіргі таңдағы көрші мемлекеттердегі жанжалдар мен қақтығыстар біздің еліміздегі тұрақтылықтың бағасын ерекшелей түседі.
Біздер соғыстың тауқыметі мен зардабын көріп, ащы дәмін татқан жандар бейбіт өмірдің қадірін жақсы түсінеміз.
Елбасының 1992 жылы ядролық қарудан бас тарту жөніндегі бейбітшіл бастамаларынан бастап, Украинадағы шиеленісті шешудегі үлесі, бүкіләлемдік деңгейде қолдау табуда. Бүгінгі күні әлемнің ірі державалар басшылары Елбасының пікірімен, көзқарасымен санасады. Бұл Мемлекет басшысының әлемдік беделі мен бейбітшілікті насихаттаудағы еңбегінің дәлелі.
Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне Кандидаттығын ұсыну жөніндегі шешімін толық қолдайтындығымызды білдіреміз.