ҚАЛИ БЕКТҰР БІЛІМ САЛАСЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы лауазымына 2015 жылғы 2 наурыздан бастап Қали Бектұр Асанханұлы тағайындалды.
Қали Бектұр Асанханұлы 1971 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-менеджер және физика-информатика пәндерінің мұғалімі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын білім саласында 1993 жылы Қазалы ауданындағы №216 орта мектеп мұғалімі қызметінен бастап, 2003 жылға дейін мектеп директорының орынбасары лауазымын атқарған. 2003-2008 жылдар аралығында «Отан» республикалық саяси партиясының Қазалы аудандық өкілдігі төрағасының орынбасары, Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы, Қызылорда облысы әкімдігінің ақпараттық технологиялар бөлімі меңгерушісі, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі, әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісі орынбасары қызметтерін атқарған.
2008-2010 жылдары Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы, 2010-2011 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің бастығы қызметтерінде, 2011 жылдан 2015 жылғы наурызға дейін Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы лауазымында болған.