КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Кеңесте кәсіпкерлік және туризм саласының қазіргі жағдайы және оны әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.
Жиынды ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде де кәсіпкерлікті қолдау мәселесі талқылағанын атап өтті. Елбасы кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін айтып, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне ерекше тоқталды.
Бизнес саласын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов ұсынды. Өңірде мұнай өңдеу көлемінің төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылық саласына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты.
– Ауыл шаруашылық саласы қайтарымы тез кәсіпкерлерлік салаларының біріне жатады. Сондықтан аймағымыздың экономикасын әртараптандыру жұмысына оның пайдасы зор, - деді А.Махамбетов.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы облысымызда кәсіпкерлер ұйымын ашуға және өңірдің инвестициялық деректерінің бірыңғай базасын жасақтауды ұсынды. Қазіргі экономикалық жағдайда бірлесіп жұмыс жасау қажет дейді.
Бірнеше кәсіпкер бизнестің жұмысын әрі қарай жандандыру мақсатында өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиын қорытындысында облыс әкімі барлық ұсыныстар ескерілетіндігін айтты. Сондай-ақ, облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша үйлестіру орталығы ашылады. Ол орталық инвестициялық жобаларды іріктеу және сүймелдеу және аймаққа инвестицияларды тартумен айналысатын болады.