Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ШТАБТЫ Н.БАЙҚАДАМОВ БАСҚАРАДЫ
ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға арналған Республикалық қоғамдық штаб төрағасы болып Мұхтар Құл-Мұхамед бекітілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен арнайы өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
Барлық өңірлерде «Нұр Отан» партиясы атынан Президенттікке үміткер партия төрағасы Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында қоғамдық сайлау алды штабтар жұмыс жасайтын болады. Қызылорда облыстық штабты басқаруға партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамовқа партия басшылығы сенім білдірді.
«Облыс бойынша жалпы 10 қоғамдық штаб құрылды. Олар: 1 облыстық, 2 қалалық және 7 аудан бойынша. Қазіргі таңда штаб құрамы нақтылануда» - дейді Наурызбай Сейітқалиұлы.
Фариза ОМАРОВА