БАСҚОСУДА «АҚБҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше Махамбет ауылында «Қызылорда Сыр суы» ЖШС ұйымдастыруымен 2011-2020 жылдарға арналған республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Алдымен басқосуда «Қызылорда Сыр суы» ЖШС өндірістік-техникалық бөлім бастығы Нұржан Ахметов «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында өткен жылы атқарылған жұмыстарды кеңнен баяндады.
Өткен жылы қалаға қарасты Ақжарма, Абай, Айнакөл, Белкөл елді мекендеріндегі насос стансалары қайта жаңғыртылып, ауыз су құбырлары жүргізілді. Тұтынушылардың үйлеріне дейін құбырлар тартылып, су өлшегіш құралдары орнатылған.
«Үстіміздегі жылы да бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Бірқазан, Қарауылтөбе елді мекендері мен Қосшыңару ауылдық округінде су құбырларын жаңғырту жұмыстарының жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Ауылдарда ұңғыма бұрғылау және барлау жұмыстары жүргізіліп, су өлшегіш қралдары орнатылмақ», - дейді Нұржан Ахметов.
Айта кетейік, серіктестікте барлығы 60 қызметкер жұмыс атқарады және 14 дана арнайы техникалары, жеңіл автокөліктері бар.