БАЙҚОҢЫРДА ҚҰЛАҒАН "ПРОТОН М" ЗЫМЫРАНТАСЫҒЫШЫ ҰШУҒА ЖАРАМСЫЗ БОЛҒАН
Екі жыл бұрын "Байқоңырда" омақаса құлаған "Протон М" зымыран тасығышы ұшуға жарамсыз болған деп хабарлайды Астана арнасы.
Ресейдің тергеу комитеті мемлекеттік сараптаманың алғашқы нәтижелерін жариялады. Апат үш бірдей жылдамдық тетігінің істен шығуынан болған деп жазады "Известия" басылымы.
Тергеу мәліметіне сай 2011-жылы зымыран тасығыш құрастырылған кезде жылдамдық тетіктері өрескел қателікпен орнатылған. Қылмыстық іс бойынша алғашқы айыптының есімі де аталды.
Ол зымыран тасығышты құрастыруға жауапты 30 жылдық тәжірибесі бар маман Диана Гудкова. Салғырттығы үшін, оған үш жылға дейін жаза кесілуі мүмкін.
Еске салайық, 2013 жылы шілдеде "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон" зымыран тасығышы көкке көтеріле бере жарылған еді.
Осы оқиғадан кейін "РосКосмостың" басшылығы отставкаға кетті. Қазақстан тарапы келтірілген залалды 13 миллиард теңгеге бағалаған. Алайда әлі күнге дейін Ресей тарабынан бір тиын да өтемақы алған жоқ.