ЕЛІМІЗДЕ 20-ҒА ЖУЫҚ ЖОО ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН
Бас прокуратура білімнен бұрын ақшаны ойлатын жекеменшік университеттерді жабуға кірісті. Тексеріс кезінде біраз былықты анықтаған прокурорлар еліміздің 18 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтатып тастаған деп хабарлайды KTK телеарнасы.
Бас прокуратура жекеменшік оқу орындарының білім беруден бұрын қалтаның қамын күйттеп кеткеніне алаңдап отыр. Мысалы, мына Оралдағы инженерлік-гуманитарлық университет Біріңғай Ұлттық тесттен өтпеген талапкерлерді де ақша үшін оқуға қабылдаған. Дәл осындай былыққа батқан, материалдық базасы сын көтермейтін 20-ға жуық оқу орнының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Олардың арасында Астанадағы «Тұран», Алматыдағы Орталық Азия университеті мен Шымкенттегі аймақтық әлеуметтік-инновациялық оқу орны бар.
- Әзірше, студенттер оқып жатыр. Бірақ, 2 ай ішінде оқу орындары анықталған олқылықты түземесе, лицензияларын сот арқылы тартып алып, мүлдем жапқызамыз, -деді ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева.