ҰКП ЖАҢА ФОРМАТТЫ БАЗАРЛАРДЫҢ БIРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫН БЕКIТУДI ҰСЫНДЫ
Ұлттық кәсiпкерлер палатасы елімізде жаңа форматты базарлардың бiрыңғай стандартын бекiтудi ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бiздiң нақты ұсыныстарымыз бар. Ол Үкiметте, Бақытжан Сағынтаев мырзаның қарауында. Бiз онда үш мәселенi көтердiк, бiрiншiден, барлық облыстарға бiрдей жаңа форматтағы базарлардың стандарттарын бекiту керек. Әркiм әр түрлi өзiнiң ойына келгенiн салмауы тиiс. Барлық облысқа бiрдей стандарт жасалуы қажет. Яғни, базарлар жабық болуы керек, көлiктер тұрағы, дәретханалар, зертханалары болуы тиiс, саудагерлердiң тұратын орындарының талаптары сақталуы керек, сатушы адамдардың да жағдайын жасаған жөн, санитарлық нормалар көрсетiлуi шарт. Сонымен қатар салық төлейтiн кассалары немесе салық органдарының агентi отыруы тиiс. Өйткенi жеке кәсiпкерлер салық комитеті қайда екенін бiле бермейдi. Егер салық комитетi сондай базарлардан өз пунктiн ашып қойса, сататын адамдарды аралап, патентiн толтырып, қолына берсе игі болар еді», - деді А.Мырзахметов.
Мұнымен қатар, палатаның басқарма төрағасының айтуынша, жергілікті атарушы органдар базарлардың салынатын жерiн белгілеуі тиіс.
«Әкiмдiктер жер бөлуі керек, базарлардың қай жерде салынатынын белгiлеуі керек. Өйткені, тұтынушылардың барып-келуiне ыңғайлы болуы шарт. Айдалаға апарып, салып тастайды, оған көлік бармай, халық жете алмай, қиналады. Сатушыларға да қиын. Әкiмдiктер сол жерге қажеттi инфрақұрылымдарды жеткiзiп беруі керек», - дейдi А. Мырзахметов.
Бұған қоса, ұлттық кәсiпкерлер палатасы жаңа форматты базарларды салуды «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасына енгiзуді ұсынып отыр. Бұған Үкiмет қолдау көрсетіпті. А.Мырзахметовтің айтуынша, жақын арада бұл мәселе өз шешiмiн табуы тиіс.
«Жаңа форматты базарларға субсидия берiлуi керек. Сонда кәсіпкерлер жаңа форматтағы супермаркеттер мен базарлар салады. Біз сол базарлардағы азаматтарға ақпарат беру, түсiндiру жұмыстарын қолға алуға дайынбыз», - деп түйіндеді А.Мырзахметов.