БИЫЛ «ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 15 ҮЙ ЖӨНДЕЛЕТІН БОЛАДЫ
Бұл туралы көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарымен және «Қызылордажылуэлектр станциясы» МКК жұмысшылармен кездесуде аталмыш мекеме директорының орынбасары Өтеулі Ахметов хабарлады. Кездесу мекеменің әкімшілік ғимаратының конференция залында өтті.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілі Маралбек Мусаев қатысты. Ол алдағы сайлау туралы айтып, көпшілікті сайлауға бірауыздан қатысуға шақырды.
- Өткен жылы біз де осы бағдарламаның жүзеге асуына ат салыстық, - деді Ө.Ахметов. – Біздің жұмысшылармен үш көпқабатты үй жөндеуден өтті. Бұл біздің тәжірибемізде алғашқы жөндеу жұмысы болғандықтан, әрине, өкінішке орай аз-маз кемшіліктер болды. Бірақ барлығын ретке келтірдік. Арнайы комиссия біздің жұмысымызды қабылдады. Енді жөндеу жұмыстарының сапасына келісім-шарттағыдай кепілдік берілетін болады.
Директор орынбасары атап өткендей, жөндеу жұмыстарынан соң біршама техникалық қауіпсіздік азаяды. Сонымен қатар, Ө.Ахметов қаланы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін де атап өтті. Бұл жобаны жүзеге асыру барысындағы жұмыстар жасалуда.
Шынар БЕКБАН