12 НАУРЫЗДАҒЫ ОСК МӘЛІМЕТІ: ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАР САНЫ 22 АДАМҒА ЖЕТТІ
12 наурыздағы мәліметтер бойынша Орталық сайлау комиссиясы 22 адамды кандидат ретінде тіркеді. Олардың тек екеуі саяси партия атынан ұсынылып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Кеше «Аңыз адам» және «Жұлдыздар отбасы» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбай, атышулы Амантай қажы, Кәсіподақтар федерациясының басшысы Әбілғазы Құсайынов өз кандидатурасын ұсынғаны белгілі болды.
Президенттікке ұсынылғандардың арасында 2 әйел бар. Лимана Қойшиева қол қою парақтарын алды. Екіншісі – уақытша жұмыссыз шымкенттік Айгүл Өтепова.
Орталық сайлау комиссиясының лингвистикалық комиссиясында мемлекеттік тілден емтихан тапсырған өзін-өзі ұсынушы кандидат – Бақтияр Естемесов шығармада 50 қате жіберіп, сыннан сүрінді. Ал Ф.Оңғарсынованың өлеңін көзіне жас алып оқыған Қанат Төрегелдиев қазақ тілінен сынақты сәтті тапсырды. Комиссия төрағасының бағалауынша, Қ.Төрегелдиев қазақ тілінде сайрап тұр. «Комиссия мүшелері талқылай келе, қателік болғанымен, Төрегелдиев Қанат Сыбашұлы қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытынды шығарды», - деді лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков.
Президент сайлауына Үкімет резервінен 5 млрд 414 млн 211 мың теңге бөлінетін болды. Бұл туралы брифинг барысында ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фосс мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.