БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰРАҚСЫЗ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
Бүгін 13 наурыз күні Қазақстанның солтүстік аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн бұлтты болып, жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды, «Қазгидромед» РМК.
Сонымен қатар, синоптиктердің болжауынша, бүгін Ақмола облысының кейбір жерлерінде көктайғақ, боран соғып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде, таңертең тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі. Маңғыстау, Атырау облысының кейбір аймақтарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Ақтөбе облысында кей аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін жетіп, боран соғады. Көктайғақ болады. Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Бұдан басқа, алдағы тәулікте оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардағы өзендердере су деңгейінің ауытқуы мүмкін.