СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Тамилана Серікқызы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр» атты сурет байқауында жеңімпаз атанды. Бұл туралы мектептің баспасөз хатшысы Елена Рыбина мәлімдеді.
«El.kz» ғаламтор-жобасы мұрындық болған бұл байқау Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған түрлі іс-шараларға белсенді қатысуға мектеп оқушыларын көптеп тартуды көздейді.
«Бұл біздің ортақ мерекеміз. Еліміздің тыныштығы мен халық арасындағы достығымыз – біздің басты байлығымыз. Балаларды шығармашылыққа тарту арқылы біз олардың бірлік, ынтымақ дегенді қалай түсінеді, жастар арасында қаншалықты бағаланатынын көре алдық», - деген «El.kz» ғаламтор-жобасының жетекшісі Азамат Байғалиев байқауға белсене қатысқан Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына өз алғысын білдірді.
Мектептен байқауға барлығы 9 жұмыс жолданып, әр қайсысы өзінің бірегейлігімен ерекшеленді. Мәселен 12 сынып оқушысы Тамилана Серікқызы өзінің жұмысында Қазақстанның жарқын болашағына сенімді көзқарасы бар қазақстандық бүркітті бейнеледі. Оның қауырсынында жас суретші бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі этностардың туларын орналастыруды жөн санады. Байқаудың эксперті – еліміздің белгілі суретшісі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, мәдениет саласындағы президенттік шәкіртақының иегері Анар Әбжанова Тамилананың туындысын байқаудың ең үздік жұмысы деп танып жүлделі бірінші орынға лайықты екенін айтты. «Қазақстанда жануарлар туралы жақсы кескіндемелер мен анимациялар өте аз. Сондықтан осы жанрда өзінің шеберлігін шыңдап жүрген талантты жастарға барынша қолдау көрсетуіміз қажет», - деді Анар Әбжанова.
«El.kz»атынан Тамилана Серікқызына 1 дәрежелі диплом мен чемпионның мүсіні және «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары» атты кітап үйлестірілді.
Айта кету керек, «El.kz» желісіне еліміздің түкпір-түпкірінен барлығы 100-ден астам көркемдік жұмыстар келіп түсті. Олар арнайы ашылған ғаламтор – галереясына енгізіліп, бүгінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың назарына ұсынылуда.