ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Олардың ашылуы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Халық банкі арасында үстіміздегі жылдың маусым айында қол қойылған Серіктестік туралы меморандум шеңберінде мүмкін болды. Кеңес беру орталығы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында, Қызылорда қ., Қазыбек би көш., 5, 207 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан.
Барлығы 2014 жылғы 6-13 тамыз аралығында еліміздің ірі қалаларында 22 кеңес беру орталығы өз есігін ашады, бұл жерде кәсіпкерлерге бизнестің өзекті мәселелері бойынша тегін кеңес беріледі. Олардың біріншісі Шымкент қаласында іске қосылды.
Аталмыш жобаны іске қосудан бір ай бұрын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы кәсіпкерлікке мемлекетттік қолдау көрсету бағдарламалары бойынша Халық банкі менеджерлеріне оқыту жүргізді.
Шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған кеңес беру орталықтарының артықшылығы – онда «Бизнестің жол картасы – 2020» (БЖК - 2020) бағдарламасы шеңберінде бизнеске қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі, ШОБ-тің осындай бағдарламаға қатысуының шарттары қандай болатыны, кәсіпкерлерге қандай сервистік қызметтер көрсетілетіні жөнінде толық ақпарат беріледі. Мысалы, ШОБ өкілдеріне БЖК-2020 бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары шеңберіндегі кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы, кредиттер бойынша кепілдік беру және гранттық қаржыландыру туралы, сондай-ақ, сервистік қолдау өңірлік Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кеңес беру ретінде «бір терезе» қағидаты бойынша тегін ұсынылатыны жөнінде ақпарат беріледі.
Сонымен қатар кеңес берушілер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іске асыратын бағдарламалар жөнінде айтып береді. Жеке алғанда, өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы туралы.
Кәсіпкерлер кейінгі әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне кредит беру, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту үшін, 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жергілікті мазмұнды дамыту бойынша бағдарламалар туралы ақпарат алады.
Бизнесмендерге болжамды қаржыландыруды дұрыс құрылымдау, салық салу, жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңес беріледі.
Менеджерлер кәсіпкерлердің мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша есепке алатын аса оңтайлы шарттар ұсыну мақсатында банк көрсететін қызметтер тізімі жөнінде бизнесмендерге мағлұмат береді.
Атап өту қажет, ай сайын кәсіпкерлерге қызметтер көрсетудің мониторингі жүргізіледі, ол ШОБ өкілдері қай өңірлерде білікті кеңес алатынын айқындауға көмектеседі.