ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАР САНЫ 21 АДАМҒА ЖЕТТІ
Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде 4 адам тіркелді. Бүгінгі күні кандидаттардың саны 21 адамға жетті, деп мәлім етті ОСК Төрағасының орынбасары Владимир Фосс.
Оның атап өтуінше, кандидаттардың 18-і сайлауға өзін-өзі, екі кандидатты, атап айтқанда, Н.Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, ал Т.Сыздықовты Қазақстанның коммунистік халық партиясы ұсынған. Қазіргі уақытта олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексеріліп, кейбірі лингистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде.«8 кандидатты тіркеуден бас тартылды. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сәйкес сайлауға түсу жасына толмаған. 6-ауы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. 4 адам лингвистикалық комиссия сынағын тапсырды. Олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексерілді. Олар қазіргі уақытта сенімді тұлғаларын тіркеп, қол жинау жұмысымен айналысуда», - деді В.Фосс.
Оның атап өтуінше, бүгін М.Телебеков, Ә.Құсайынов, С.Мұқаш және Асылбек Амантай Орталық сайлау комиссиясына келіп, президенттікке кандидат ретінде тіркелген.