«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА НАЗАРБАЕВТЫ ҰСЫНУДЫ ҚОЛДАДЫ
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы 26 сәуірде өтетін сайлауға кандидат ретінде ұсынуды қолдады деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«ҚР президентін сайлау бойынша «Ақ жол» ҚДП ұстанымы туралы. Делегаттардың ұсыныстарын қарастыра келе, «Ақ жол» ҚДП қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс XII съезі Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлын алдағы 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін сайлауда ҚР президентіне кандидат ретінде ұсынуды қолдауды қаулы етеді», - делінген съезд басталар алдында таратылған қаулы мәтінінде.
Партияның мүшелері осы қаулының қабылдануына дауыс берді.