«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XVI СЪЕЗІНЕ БАРҒАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЛҒАН ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезіне Қызылорда облысынан 60 делегат қатысып қайтты. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында делегаттар БАҚ өкілдерімен арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Алғаш сөз алған Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Қылышбай Бисенов «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың 5 реформасымен таныстырды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Президент сайлауына Н.Назарбаевтың кандидатурасын ұсынғандығын ерекше атап өтті.
Съезде Елбасы тәуелсіздік жылдарынан бері еске алатын болсақ, барлық жағдайымызды Қызылорда өңірімен-ақ салыстырып білуге болады. Қазірде Кіші Аралға халық қайта оралып, балық кәсібіне ден қоя бастады деген болатын. Мемлекет басшысының бұл сөзін облыстық мәслихат депутаты Нұрмұрат Ерманов жеткізді. «Бүгінде Қызылордаға газ құбыры тартылып, Сырдың үстінен көпір салынды. Қызылорданың өзі де көркейіп, әлемнің 20 елінде ғана жүрекке жасалатын операция да осында жасалатын болды» - деді Елбасы.
Сондай-ақ баспасөз мәслихатына облыстық мәслихаттың депутаты Райкүл Байназарова, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Нұрхан Жәлиев, «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрайымы Әлима Әбдіхалықова және «Жас отан» ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы Абылайхан Сабанбаев қатысып съез жұмысы туралы ойларымен бөлісті.