БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ ШЫҒЫС ӨҢІРІНДЕ КӨКТАЙҒАҚ БОЛЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
12 наурызда Қазақстанның көп бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын жауады, жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі.
Республиканың батысы мен оңтүстік аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 17-22 м/с болады, Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.