ЖЕТЕКШІ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛМАҚ
Сыр өңірінде Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің филиалын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жоғары оқу орнының құрылғанына 85 жыл толуына орай, университет ұжымы мерекелік шараларды еліміздің әр өңірінде өткізуді қолға алған. Осы бағыттағы ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы мен шеберлік сыныбы біздің өңірімізден бастау алды.
Ректор Айқын Ақанов бастаған оқытушылар құрамы облысымызға келіп, өңірдің 120 дәрігерін түрлі тақырыпта қайта оқытып, білімдерін көтеруде. Әсіресе, жаңа туылған сәбилер арасындағы ақаулар, неврологиялық өзгерістерді емдеу, инсульттен кейінгі емдер, анестезиология тәсілдері, яғни соңғы ғылыми жаңалықтарды игерту тәсілдері жүзеге асырылмақ.
Айта кету керек, еліміздегі алғаш болып құрылған медицина мамандарын оқытатын жоғары оқу орны республикадағы үздік он университеттің қатарына кіреді. Осыдан сексен бес жыл бұрын іргетасы қаланған қара шаңырақта 70 мыңнан астам маман даярланды. Олардың арасында қызылордалық білікті мамандар да бар. Оның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Ернияз Омаров, облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, профессор, академик Болатбек Баймаханов, Білікті стаматолог Жеңісбек Ысқақов есімдерін ерекше атауға болады.
Медицинадағы жетекші оқу орнының біздің аймақта орындауға тиісті айқын жоспары бар. Ол - Сырдың бас шаһарынан университеттің оқу бөлімін ашу. Бұл медицинаның маңызды бағыттары бойынша жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көп көмегін тигізбек.
Семинар соңында қатысушыларға факультеттің арнайы сертификаты табысталды.