НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМТИХАНЫНАН ӨТТІ
Президенттікке ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгергені тексерілетін емтиханнан өтті, - деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
"Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді жетік меңгерген деген баға бердік", - деп мәлімдеді лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков журналистерге ОСК отырысының қорытындысы бойынша.
Оның айтуынша, емтиханда жазбаша тапсырма кезінде берілген шығарманың тақырыбы "Біздің күшіміз бірлікте" болды. Назарбаев Ілия Есенберлиннің бір шығармасын оқып берді. "Ауызша тапсырма "Ата-баба сөзі - өсиет" деп аталды", - деді Жолдасбеков.
Еске салайық, 11 наурыз күні "Нұр Отан" партиясының кезекті съезіне қатысушылар кезектен тыс президент сайлауына қазіргі Мемлекет басшысы - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынған еді. Әр аймақтан барлығы 11 делегат сөз сөйледі, олардың арасында қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, ақын Ақұштап Бақтыгереева және басқалар бар.
Партияның XVI съезінің қорытындысы бойынша делегаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсуге ұсынылды.