«МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ!» АТТЫ ФЛЭШМОБ ӨТТІ
Қызылорда қаласы, «Small» сауда орталығында (Жібек жолы көшесінің бойы) «Менің елім - Мәңгілік ел!» атты флэшмоб өтті. Ұйымдастырушылар "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы және облыстың белсенді жастар ұйымдары. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының жастар және жастар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс жасау бөлімі хабарлады.
Іс-шараның мақсаты – келешек ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тәуелсіз Қазақстанды мақтанышпен жырлап, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысын және "Нұр Отан" партиясынан ұсынылған Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау болып табылады.
Флэшмобқа қатысушылар «l love Kazakhstan», «Мәңгілік ел», «I love KZ» көрнекі құралдар мен жалаушалар ұстаған Қызылорда қаласының белсенді жастары бір сәтте Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.