Н.НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ӨНІМІНІҢ 100 ПАЙЫЗ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЕКЕНДІГІНЕ КЕПІЛ БЕРЕМІН
Қазақстан өнімінің 100 пайыз экологиялық таза екендігіне кепіл беремін. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Мемлекет басшысы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Ресей рублі девальвацияға ұшыраған сәтте тегеурінді бәсекелестікке тап болып, біздің бәсекелестікке қабілеттігіміз төмен болды. Дұрыс па? Мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылатындығын, оған дайын болу керектігін айтқан болатынмын. Барлық бизнесмендерді қазіргі уақытта осы жайтта үлгіге ала отырып, тәрбиелеу қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасы барлық сауда орындарында «Қазақстанда жасалған» атауымен арнайы бөлім ашуға тапсырма бергенін әрі оның бос сөз, бос шақыру еместігін баса айтып өтті.
«Бұл барша қазақстандықтар үшін патриоттық акт. Барлығы өзіміздікі болғанын қаласақ, өзіміздің өнімді тұтыну қажет. Біздің өнімнің 100 пайыз экологиялық таза екендігіне кепіл беремін. Тіпті, ДСҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, адам ағзасына барынша пайдалысы -дүниеге келген жерден өнген өнім, сол жердің суы», - деді ҚР Президенті.
Елбасы отандық өнімді тұтыну кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеттігін арттыра түсетіндігін айта келе, бизнесмендер де өнімдерінің балама тауарлардан сапасы кем болмауы тиістігін ескертті.