ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУДЫҢ 5 РЕФОРМАСЫН ҰСЫНДЫ
Бүгін «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың 5 реформасын ұсынды.
Н.Назарбаев ырықтандыруды жалғастырып, мемлекеттік орган жетекшілерінің есептілігін кеңейту қажеттігін ескертті.
«Бұл бізде жергілікті деңгейде атқарлып жатыр. Мүмкін, интернет арқылы әкімдер жылына екі рет өз жұмысының қорытындыларын жария еткені жөн болар. Екіншіден, қабылданатын шешімдер ашықтығын қамтамасыз ету керек. Азаматтар барлығын көріп отыруы тиіс. Онда жасыратын несі бар? Азаматтарымыз белсенді түрде мемлекеттік органдардың барлық деңгейлегі қабылданатын шешімдеріне тартылуы шарт. Бұған ақпаратқа қолжетімділік туралы жаңа заң негіз болмақ. Оны әзірлеп, қабылдау қажет», - деген Елбасы, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен әкімдер жанынан құрылған қоғамдық кеңестер рөлін арттыруды ескертті.
Елбасы мұндай шараның арқасында халықты ақпараттандыру деңгейі артып, қабылданатын шешімдер ашықтығы қамтамасыз етілетініне назар аударды.
«Үшіншіден, азаматтық бюджеттеуді енгізу керек. Бұл ретте азаматтық қоғам өкілдерінің бюджет қаржысын үйлестіруге қатысуы сөз болып отыр. Мұны, әсересе, жергілікті жерлерде, аудандар мен өңірлерде, қалалар мен облыстарда ескерген жөн. Төртіншіден, шағым беру жүйесін күшейту қажет. Заңнама азаматтардың қызметкерлер әрекеттеріне қатысы шағым беру мүмкіндігін кеңейтуі тиіс. Бесіншіден, қоғамның өзін-өзі басқаруын кеңінен енгізуді қамту керек. Сол себепті, кезең-кезеңмен мемлекеттік органдар өздерінің жауапкершілік аясын қысқартып, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді азаматтық қоғам институттарына өткізуі керек», - деген ҚР Президенті жоғарыда аталған 5 бағытты сәтті жүзеге асыру арқылы мемлекеттік атқарушы органдар мен жалпы билікті сайлаудың жаңа жүйесіне көшуге болатынын атап өтті.
«Мұның барлығы іске асырылғаннан соң кезең-кезеңмен конституциялық реформа жүргізілуі керек. Ол Президенттен парламентке, үкіметке дейінгі билік өкілеттілігін қайта қарауды қамтуы шарт. Ол бізде қалыптасқан дәстүрлердің теңгерілімін ескеруі тиіс. Бұл 5 реформа қазақстандық мемлекеттілікті нығайту, әлемнің дамыған отыз елі қатарына ену шарттарын қамтиды», - деп түйіндеді өз ойын ол.