ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ: ӘСКЕРИ ПАРАДТЫ «ЖАС ҰЛАН» АШАДЫ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған парадты Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ашады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, 80 жасұландық (9-10 сынып оқушылары) ту ұстау топтарының соңын ала, парадтың тарихи және заманауи бөлімдерінің алдында сап түзеп өтетін болады. Осы жас жеткіншектерге Қазақстан Қарулы Күштері барлық әскер түрлері мен тектерінің үздік әскери қызметшілерінен, еліміз жоғарғы әскери оқу орындарының курсанттарынан құралған парадтық есептоптар, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің барлық қару-жарағы, әскери және авиациялық техникасы ілеседі.
«Дәстүр бойынша әскери парадты ұландар ашады. Барабаншылар ротасы қазақстандық армияның жас буынын бейнелеп, парадтың қарқыны мен ырғағын қалыптастырады. Әр ұландық үшін парадқа қатысу - абыройлы іс, Ұлы Отан соғысындағы ұрыс даласында ел болашағы үшін ерлікпен шайқасқан даңқты бабаларына деген алғысы мен құрметін көрсету» - деді Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы Мұхтар Майкеев. Бұл парад «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері және басқа да қатысушылар үшін реттік саны бойынша бесінші және ең ірі әскери шеру болмақшы. Сондықтан айбынды офицерлермен парад маршын бірге жасау мүмкіндігі тек оқу үздіктері мен озаттарына беріледі. Ал қалғандары үшін бұл өзінің білім деңгейін, саптық тәртіп пен даярлықты көтеруге ынталандырады. Балалар қазір белсенді жаттығу үстінде. Қазіргі уақытта олар жеке саптық даярлық курсын аяқтап, бірыңғай сап құрамындағы жаттығуларға кірісіп кетті. Алдағы парад - қазақстандық армияның ең ірі шеруі. Сондықтан да, аталмыш шара барлық жағынан өткен парадтардан оқ бойы озық болатыны және мерейтой күніне толық лайық болатыны сөзсіз.