ҚЫЗЫЛОРДАДА АВТОСАТЫЛАР СЫНАҚТАН ӨТТІ
Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде АЛ – 32 (Камаз - 53605) екі автосаты сынақтан өтті, деп хабарлайды «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі.
Жаңа техника жоғарғы қабаттағы ғимараттардан адам құтқару мен өрт сөндіруге арналған. Сатының жоғарыға көтерілу мүмкіндігі 32 метрге жетеді және керек жағдайда ғимараттардың шатырына орнатуға арналған. Өрт сөндіру техникасы және жабдықтау бөлімшесінің басшысы өртке қарсы қызмет майоры Е.Сағындықов автосатыны басқару жүйесінің қарапайымдылығы туралы атап өтті.
Сынақ барысында лафеттік оқпан автосатының жоғарғы жағына бекітілді. Сатыны ең жоғарғы деңгейге дейін көтеріп, 90° +/- 10° бұрыш арқылы бұру сынағы жасалды. Қызылорда қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі О.Жұмабеков қызметкерлерге, алдағы уақытта бұл жауынгерлік техникаларды жаттығулар барысында үнемі қолданып тұруды тапсырды.