СЕРТИФИКАТТАЛҒАН САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІНЕ ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сертификатталған сапа менеджменті жүйесіне инспекциялық бақылау өткізілді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Комиссия құрамына ГОСТ Р(РОСС RU.0001.33012422) сертификаттау жүйесіндегі сапа жүйесін сертификаттау бойынша бас сарапшы, білім саласындағы сапа менеджменті жүйесін сертификаттау бойынша сарапшы (РОСС RU.0001.31018615) С.И.Потапейко төрағалық етті. Комиссия мүшесі – Р.І.Құдияров Қазақстан Республикасы сапа менеджменті жүйесіне сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізу бойынша аудитор (KZ. 00000.08.00.01134). Тексеру нысандары университеттің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде академиялық мәселелер жөніндегі департамент (студенттік бөлім, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, компьютерлік жобалау бойынша қосымша оқыту орталығы), ғылыми-техникалық кітапхана, құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі, халықаралық байланыстар бөлімі, гуманитарлық-педагогикалық факультет пен тарих, құқық және экономика факультеттерінің кафедралары. Комиссия Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сапа менеджменті жүйесі білім беру саласындағы қызметке қатысты ГОСТ ISO 9001-2011 (ISO 9001:2008) талаптарына сәйкес деген тұжырымға келді.