ОСК ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕРДІ ҚОЛДАП ҚОЛ ҚОЮ ПАРАҚТАРЫН БЕРУДІҢ МЕРЗІМДЕРІН ҚЫСҚАРТТЫ
27 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерді қолдап қол қою парақтарын берудің және қолдардың растығын тексерудің мерзімдерін қысқарту туралы шешім қабылдады.
«2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерді қолдап қол қою парақтарын берудің және қолдардың растығын тексерудің мерзімдерін қысқарту туралы» ҚР ОСК-ның 2015 жылғы 27 ақпандағы №6/266 қаулысына сәйкес қол қою парақтары оның Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясына екі күнтізбелік күннің ішінде беріледі Бұдан бұрын бұл рәсімге бес күн берілген болатын», - деп көрсетілген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.
Сондай-ақ үміткерді қолдайтын қолдардың растығын аумақтық сайлау комиссияларының тексеру мерзімі оннан бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.
Сайлау комиссияларының осы сайлау рәсімдерін жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту туралы шешімді Орталық сайлау комиссиясы үміткерлердің мүддесі үшін ғана қабылдады және олар үшін уақыттың жалпы ресурстарын ұлғайтады.