НОРВЕГИЯ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ
Үстіміздегі жылдың 6 наурызда ЭКСПО-2017 Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Норвегия Корольдігіне іс-сапары болып өтті, делінген ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми сайтында.
Іс-сапар шеңберінде Р.Жошыбаев Норвегия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Мортен Хоглундпен кездесу өткізді. Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сонымен қатар, екі жақты қатынастардың ағымдағы жағдайын мен келешегін талқылап, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамудың қажеттілігін атап өтті.
Р.Жошыбаев баламалы және жаңартылған энергия көздері бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын Норвегияның көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде М.Хоглунд ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, планетаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін Астана алаңы Норвегия үшін ерекше қызығушылық танытандығына тоқталды.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 Комиссары Норвегияның Сауда, индустрия және балық шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дилек Айханмен келіссөздер өткізді. Екі жақ энерготиімділік, жасыл экономиканы дамыту, жаңа технологиялар салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатындықтарын білдірді.
Р.Жошыбаев сұхбаттасушыны Астанадағы көрмеге дайындық барысымен хабардар етті және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атынан Норвегия Корольдігінің Премьер-министрі Эрне Сольбергке арналған шақыру-хатын табыс етті.
Норвегиялық тарап ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық білдіріп, әлемдік таңдаулы зерттемелерді көрсетуге, сонымен қатар, баламалы энергетика саласында әріптестік қатынастарды орнатуға ЭКСПО-2017 көрмесінің ыңғайлы алаң болатындығына сенімді екендіктерін атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 Комиссары Норвегияның «Nordic page» атты жетекші баспасына сұхбат берді. Сұхбат барысында көрмеге шетелдік мемлекеттердің қатысуы, визалық саясатты жетілдіру және Қазақстанның туристік әлеуеті сөз болды.